Раиси: Палестинаның жапа шеккен халқын қолдау – бүкіл ислам елдерінің ортақ нүктесі
(last modified Mon, 17 Apr 2023 09:21:16 GMT )
Сәу 17, 2023 15:21 Asia/Almaty
  • Раиси: Палестинаның жапа шеккен халқын қолдау – бүкіл ислам елдерінің ортақ нүктесі

Иран Президенті Теһрандағы Түркияның жаңа елшісі Хиджаби Керлангичтің сенім грамотасын қабылдау рәсімінде: "Палестинаның жапа шеккен халқын қолдау – бүкіл ислам елдерінің ортақ нүктесі",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси жексенбі күні: "Бүгінде мұсылман халықтары өз үкіметтерінен сионистік режимнің Палестина халқына қарсы қылмыстарымен күресуді талап етіп отыр. Сондықтан ислам елдері өзара үйлесе отырып, сионистік режимнің айуандық әрекеттеріне қарсы тұруы тиіс",-деді.

Түркияның жаңа елшісі осы рәсімде Иранға келгеніне ризалық білдіріп, екі ел қарым-қатынасының шынайы бауырластық сипатқа ие екенін айтып: "Екі елдің ынтымақтастық деңгейін жоғарылатып, өзара сауда айналымын арттыруға бар күшімізді саламыз деп сендіреміз",-деді.   

Тегтер