Ислам революциясының жетекшісі Ораза айт намазының уағыздарында: Ұлттық ерік-жігердің нығаюы – мәселенінің шешімі
Ислам революциясының жетекшісі Ораза айт намазының уағыздарында күшейтілген ұлттық ерік-жігердің мәселені шешетінін қуаттады.
Бүгін (сенбі) Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеидің жетекшілігімен Имам Хомейни (р.а.) атындағы діни-мәдени кешенде Ораза айт намазы оқылды.
Аятолла Хаменеи намаздың алғашқы уағызында Ислам үмбеті мен Иранның батыл елін мүбәрәк Ораза айт мерекесімен құттықтап, Қадір түнінен кейін өткен Құдс күні шеруіне халықтың жаппай қатысуын дәріптеп: «Бұл тығыз және салтанатты жиын шынымен Алланың рақымы мен табысы болды»,- деді. Олар Рамазан айын мойынсұну мен тақуалық айымен қатар жиһад пен күрес айы деп атап: «Құдс күні де Иран ұлтының күрес күні, Аллаға шүкір, биыл басқа халықтардың қатысуымен өте ауқымды түрде өтті»,- жеп айтты.
Ислам революциясының жетекшісі үш күштің ынтымақтастығы, жанашырлығы мен бірлігін елдің проблемалары мен ілгерілеуін шешудің өте маңызды және негізгі стратегиясы деп жариялап: «Егер заң шығарушы, атқарушы және сот билігі толық ынтымақтаса, іс шешілмейтін түйнге айналмайды. Ынтымақтастық пен келісімнің қалай құрылатынын осы үш билік күшінің басшыларының өздері біледі»,- деп мәлімдеді.
Аятолла Хаменеи дұшпанның стратегиясы келіспеушілік пен алауыздық тудыру екеніне назар аудартып: «Дұшпан түрлі пікір мен талғамнан адамдарды өзара төбелестіргісі келеді. Адамдардың әртүрлі мәселелерге деген әртүрлі көзқарастары, әрине, кедергі емес, бірақ дау-дамай мен жанжалдың көзіне айналмауы керек. жаудың адамдарды бір-біріне және билікке қарсы қою азғыруларын жоққа шығару арқылы бірге мейірімділікпен өмір сүру керек»,- деді.
Ислам революциясының жетекшісі дұшпанның аймақтағы әскери стратегиясының сәтсіздігіне тоқталып: «Жау халықтарды алдау, бұрмалау, өтірік айту, азғыру, қорлау және оларды өз қабілетіне сеннімсіз ету саясатты ұстануда. Сондықтан оның стратегиясын, тактикасын, құралдары мен әдістерін біліп, оларды теріске шығаруда жаңашыл болуы керек»,- деп баса айтты.
Аятолла Хаменеи: «Бүгінгі күнге дейін дұшпандарының барлық қыршындарын жеңіп келген зиялы және қабілетті Иран халқы Алланың құдіретімен оларды сәтсіздікке ұшыратады»,- деп қуаттады.