Сәу 25, 2023 14:28 Asia/Almaty
  • Иран Президенті кеңсесінің саяси орынбасары Қазақстан Премьер-министрінің ертең Теһранға  сапары туралы хабарлады

ИИР Президенті кеңсесінің саяси орынбасары Қазақстан премьер-министрінің ертең сәрсенбі күні Теһранға сапары туралы хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Мұхаммад Джамшиди  жоғары мәртебелі делегацияның басында  Әлихан Смаиловтың  ресми сапарын жариялап: « Иранның вице-президенті және жоғары лауазымды тұлғаларымен кездесу мен келіссөз Қазақстан премьер-министрінің Теһрандағы келіссөздерінің өзегі болып табылады»,- деді. Джамшиди Қазақстан Премьер-министрінің Иранға сапар жоспарына тоқталып: «Бұл сапарда Иран  Вице-президенті Мұхаммад Мохбер және  Әлихан Смаилов бастаған екі елдің жоғары мәртебелі делегациялары екі ел арасындағы   қарым-қатынастарының жай-күйі, екі ел президенттерінің келісімдерін жүзеге асыру мақсатында олар екіжақты экономикалық, саяси және сауда-саттық қатынастарын жан-жақты кеңейту мәселелерін талқылап, кеңеседі.

ИИР Президенті кеңсесінің саяси орынбасарының айтуынша, Теһран мен Астананың көлік, экспорт, техникалық және инженерлік қызметтер, транзит, энергетика және банк қатынастары саласындағы ынтымақтастық деңгейін арттыруды жоспарлау және үйлестіру екі елдің келіссөздерінің маңызды бағыттарының бірі болмақ.   

Тегтер