Сәу 28, 2023 17:26 Asia/Almaty
  • Парсы шығанағында құқық бұзушы кеме тоқтатылды

ИИР Әскери-теңіз күштері Оман теңізінде Маршалл аралдарының туымен тәртіп бұзған кемені тоқтатты.

Парсы шығанағынан шығып, Оман теңізіне кірген кезде бұл кеме ирандық кемемен соқтығысып, ирандық экипаждың бірнеше мүшесінің жоғалуы мен  жарақат алуына себеп болды. Бұл кеме апатқа ұшыраған кемеге және оның жараланғандарына көмектесу сынды халықаралық ережелерге қайшы, Парсы шығанағынан қашып кеткен. Бірақ Иран армиясының теңіз флотының эсминеці бұл кемені Оман теңізінде тауып, Иран суларынан шықпай тұрып тоқтатты.

Тегтер