Сәу 29, 2023 12:59 Asia/Almaty
  • Канани Чафи: Иранның 65 азаматы Хартумнан кетті

Иран Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы 65 ирандық азаматтың Хартумнан кетіп, Джиддаға келгенін хабарлап, олардың Сауд Арабиясынан Иранға қайтуы үшін қажетті шаралардың жасалғанын айтты.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша,  Насер Канани Чафи  бүгін, сенбі ирандық азаматтардың Суданнан кетуі туралы: «Судандағы толқулар басталғаннан бері Сыртқы істер министрлігі осы елде тұратын 65 ирандық азаматты елден шығару мәселесін күн тәртібіне шындап қарастырды. Қажетті келісімдер жасалғаннан кейін ирандық азаматтарды Хартумнан аман-есен шығарып, Джидда портына жөнелту жүзеге асырылды»,- деді.

Суданда 15 сәуір, сенбі күні Хамидти деген атпен белгілі генерал Мұхаммад Хамдан Дагло  қолбасшылығындағы жедел қолдау күштері мен әл-Бархан қолбасшылығындағы Судан армиясы арасында Суданның әртүрлі қалаларында, соның ішінде осы елдің астанасы Хартумда, 15 сәуірде қанды қақтығыстар басталды. Бірнеше сағаттық уақытша атысты тоқтату режимі орнатылды, бірақ қақтығыстар қайта басталды, нәтижесінде кемінде 512 адам қаза тауып, 4200 адам жарақат алды.  

Тегтер