Maм 16, 2023 18:06 Asia/Almaty
  • Иран Президенті Теһран халықаралық кітап көрмесін аралады

Иран Президенті имам Хомейни (р.) атындағы "Мосалла" кешенінде өтіп жатқан 34-ші Теһран халықаралық кітап көрмесін аралады.

Ибрахим Раиси осы екі жарым сағаттық аралау барысында баспагерлер мен кітап саласындағы белсенділерді алаңдататын мәселелерді талқылады.

Раиси баспагерлер мен кітап саласындағы белсенділермен сұхбатында "баспа саласында кітап жазудан кітап аудару басым болып кетпеуін" баса айтып, балалар мен жасөспірімдерге арнап кітап жазатын авторлар мен баспалардың жұмысына тоқталып: "Балалар мен жасөспірімдердің физикалық саулығы мен тамақтану тәсіліне қаншалықты маңыз берсек, олардың интеллектуалдық  саулығына да ерекше ынтамен қарап, жоспарлауымыз керек",-деді.

"Балалар мен жасөспірімдердің мәдени-интеллектуалдық деңгейін жоғарылату үшін тиімді әрі заманауи контент тудыру", "кітап жазуда балалар мен жасөспірімдердің креативті ойы мен жасампаздығын пайдалану", "Мәдениет және исламдық бағдар министрлігі мен Білім және тәрбие министрлігінің жеке сектормен әріптесіп, балалар мен жасөспірімдерге оқулық кітаптар шығаруға атсалысуы", "елдің түкпір-түкпірінде кітапқа оңай әрі арзан қолжетімділікті қамтамасыз ету және тиісті тарату" – осының барлығы Иран Президентінің баспагерлер мен кітап саласындағы белсенділермен кездесуінде баса айтылған мәселелер болды.

Тегтер