Генерал-майор Салами: Жаудың ең үлкен тарихи жеңілісі соңғы тәртіпсіздіктерде болды
(last modified Fri, 19 May 2023 10:57:05 GMT )
Maм 19, 2023 16:57 Asia/Almaty
  • Генерал-майор Салами: Жаудың ең үлкен тарихи жеңілісі соңғы тәртіпсіздіктерде болды

Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы дұшпанның соңғы толқулардағы жеңілісін өзінің ең үлкен тарихи жеңілісі деп атап: «Жақында болған тәртіпсіздіктерде дұшпан Иранның халқы мен исламдық жүйесіне қарсы майданға бірнеше елдер мен топтармен бірге шықты»,- деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, генерал-майор Хұсейн Салами «дұшпандардың Иран үшін жоспарлағаны енді олар үшін де орындалды» деп: «Мысалы, бүгінде сионистік режим көптеген мәселелермен және сәтсіздіктермен бетпе-бет келуде»,- деп мәлімдеді. ИИР-ның бас қолбасшысы Сардар Сүлеймани шәһид болғаннан кейін Иранның американдықтарға жасаған алғашқы жауабына тоқталып: «Америкалықтар екінші жауапты  да алады, бұл олардың аймақтан біртіндеп шығуынан басқа ештеңе емес, бірақ соңғы соққы әлі алда»,- деді.