АҚШ Сенаты Иранға қарсы санкциялар заңын 10 жылға ұзартуға әрекет жасамақ
АҚШ Сенатының сыртқы байланыстар комитеті жуырда 2016 жылдың соңында мерзімі аяқталатын Иранға санкция салу заңын 10 жылға ұзартуды дауысқа салады.
«Фарс» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ Сенатының сыртқы байланыстар комитетінің төрағасы Боб Коркер сәрсенбі күні журналистерге берген сұхбатта «Комитет Иранның зымырандық бағдарламасына тосқауыл қою үшін түрлі таңдауларды басшылыққа алады. Иранға қарсы санкциялар заңын ұзарту осы таңдаулардың біріне жатады. Бұл таңдау Сенаттан өтеді деп ойлаймын. Сенаттың сыртқы байланыстар комитеті Иранға қарсы шара қолдану үшін тағы бір саланы қарастырып жатыр» деді.
1996 жылы бекітілген Иранға санкция салу заңының мерзімі 2016 жылы аяқталады. АҚШ конгресмендері і оны он жылға ұзарту үшін жоба ұсынып отыр.