Революцияның мәртебелі жетекшісінің қоғамдық тәртіп күшінің қолбасшыларын қабылдауында сөйлеген сөзі
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі қоғамдық тәртіп күші басшыларының қызметкерлерінің ойы мен ісі және ахлақтық тазалығын, сонымен қатар «әлеуметтік және ахлақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді толыққанды және шынайы қадағалауын қуаттады.
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи бүгін жексенбі күні ИИР қоғамдық тәртіп күшінің басшылары мен қолбасшыларын қабылдауында қауіпсіздік тақырыбын аса маңызды және басты бағдарда деп атап, қауіпсіздік болмайынша халықтың күнделікті өмірі және ғылыми, университеттік, экономикалық қызмет пен ел басқару ісінің мүмкін еместігін қуаттап: «Қарсыласу экономикасы саласында әрекет ету мен іске асыру және ішкі экономиканы қалыптастыру қауіпсіздікті қажет етеді» деді.
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі қоғамдық тәртіп күшінен халықтың ойында жақсы бейне қалыптастыруды қажеттілік деп атап, рақымсыздықтан ада айбындылық пен батылдықты, ішкі салауаттықты, дер кезінде жылдам құзырға ие болуды, сүйіспеншілік пен халыққа көмек көрсетуді және заңға бағынушылықты қоғамдық тәртіп күшінен оң бейне ұсынылуына себеп болатын факторлардың қатарында атады.
Хазірет аятолла Хаменеи сондай- ақ дұшпандардың 37 жылдық талпыныстарына қарамастан Иранның ілгерілеушіліктерін жақсы және баянды деп бағалап: «Исламдық жүйе халықтың демеушілігімен дұшпандарды нәтижесіз қалдырды. Олардың елде үмітсіздік, теріс көзқарас пен алауыздық тудыру үшін талпыныс жасауының тамыры Иранның ілгерілеушілігіне ашулануында жатыр» деді.
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі барлық басшылар мен халықты елдегі бірлікті сақтауға шақырып: «Екі ағым, екі секта және екі полюс қалыптастыру дұшпан көздеп отырған қауіпті соққы болып табылады» деді.