Маусым 08, 2023 17:49 Asia/Almaty

Иранның Атом қуаты ұйымында микротолкынды дезинфекция құрылғысы мен рентгендік сәулелендіру жүйесі таныстырылды.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Атом қуаты ұйымының басшысы Мұхаммед Ислами сәрсенбі күні Теһранда жаңа ядролық жетістіктерді таныстыру рәсімінде: "Қоғамның саулығы мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өз жұмысымызды кеңейте түстік",-деді.  

Мұхаммед Ислами: "Қазіргі таңда шаруалар өз жұмыстарында ядролық жетістіктерді пайдалана алады. Микротолкынды дезинфекция құрылғысы сағатына 600 кг-дан 1 тоннаға дейін залалсыздандыра алады",-деді.

Иранның Ауыл шаруашылығы министрлігінің жетекшісі Мұхаммед Ағамири: "Зиянды жәндіктер – егін шаруашылығындағы басты қиындықтарының бірі. Осы құрылғының арқасында ауыл шаруашылығы өнімдерінің ысырабын 30 пайызға қысқартуға болады",-деді.

Тегтер