Теһран жұма намазының құтпалары
Теһран жұма намазының уақытша құтпагері ИИР-дың бейбіт ядролық технология саласындағы жетістіктерінің халықтың әл-ауқатын көтеруге септігін тигізетінін айтты.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Казем Седдиқи Ислам революциясы жетекшісінің атом өнеркәсібін дамытуды жалғастыра беру керегін айтқанына тоқталып: "Ислам революциясының жетекшісі ядролық жетістіктерді абырой-айбынның белгісі санайды. Өйткені бейбіт атом өнеркәсібі халықтың денсаулығы мен әл-ауқатының көтерілуіне көмектеседі",-деді.
Теһран жұма намазының құтпагері Иранның ядролық ғалымдарының көбі дарынды жастар екенін айтып: "Атом өнеркәсібі халықаралық сахнада біздің саяси салмағымызды арттырады. Қазіргі таңда біз әлем бойынша атом өнеркәсібі, әскери-қорғаныс өнеркәсібі және басқа да салаларда дамыған елдердің қатарына кіреміз",-деді.
Казем Седдиқи Иранның көршілес елдермен қарым-қатынасты кеңейту саясаты және ИИР Президентінің Латын Америкасы елдеріне сапарына тоқталып: "Бір кездері АҚШ-тың артқы ауласы болған Латын Америкасына Ибрахим Раисидің баруында көп мән бар",-деді.
Теһран жұма намазының құтпагері Сауд Арабиясымен саяси-консулдық қатынастың қайта басталғанына тоқталып: "Қазіргі таңда Сауд Арабиясы мен аймақ елдері Иранмен қарым-қатынастың қауіпсіздік, абырой мен айбын сыйлайтынына көздері жетті. Бөгде елдер, әсіресе америкалықтар Батыс Азия аймағында оларға орын жоқ екенін түсінді",-деді.