Қазақстан мен Грузия өзара байланысты кеңейту керегін баса айтты
Қазақстан мен Грузияның Премьер-министрлері әсіресе экономика саласында өзара байланысты кеңейту керегін баса айтты.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов Тбилисиде Грузия Премьер-министрі Ираклий Гарибашвилимен кездесіп: "Екі елдің достық байланысы мен көпжақты ынтымақтастығы тереңнен тамыр тартады. Екіжақты ынтымақтастық дәстүрлі түрде жоғары деңгейде тұр",-деді.
Әлихан Смайылов Грузияны Қазақстанның Оңтүстік Кавказдағы маңызды әрі сенімді серіктесі деп атап: "Соңғы жылда екі ел арасында қаржы айналымы 7 есе артып, рекордты 600 млн долларға жетті",-деді.
Грузия Премьер-министрі де осы кездесуде Қазақстанмен байланысты сауда-экономикалық салада дамыту керегін айтып: "Екі елдің қаржы айналымы артып келеді",-деді.