Шіл 05, 2023 17:42 Asia/Almaty
  •  Сардар Каани: Американың дәйекті сәтсіздіктері құдыреттің Батыстан Шығысқа ауысуына себеп болды

Иран Сақшылар корпусы Құдс күштерінің қолбасшысы бүгінде құлыреттің Батыстан Азияға ауысуы туралы маңызды пікірталас болып жатқанына тоқталып: «Егер Американың әртүрлі салалардағы дәйекті сәтсіздіктері болмаса, Америка күшті  және әлемді жаулап алушы болып қала берер еді»,- деді.

 

Сардар Исмаил Каани: «Шәһид Сүлейманиді өлтіргендер сияқты көптеген қылмыскерлер шәһид Сүлейманидің күші оның жебелері, мылтықтары мен зымырандарының арқасында екенін айтқысы келді. Бірақ  жақсы білесіздер және жастарға түсіндіру керек нәрсе - шәһил Сүлейманидің ең жоғары қаруы оның қисыны болды. Шәһид Сүлеймани әр салаға қисын сөздермен кірді. Егер екінші тарап қисынды қабылдаса, ұрыс болмас еді, бірақ қарсы жақтар қыңыр болғандықтан, олар шындықты қабылдағысы келмей, барлығына шабуыл жасағысы келді»,- деп мәлімдеді.

Сардар Қаани Палестина қарсыласуының сионистерге қарсы операцияларына тоқталып: «Палестиналық қарсыласу кейбір күндері Иордан өзенінің батыс жағалауынды сионистік режимнің элементтеріне қарсы 30-дан астам операция жүргізеді. Бұл аймақ Палестина халқының жері мен географиясы болды және олардан күшпен алынды»,- деп айтты.

 

Тегтер