Иран  диагностикалық және емдік радиофармацевтикалық препараттарды өндіруде аймақта  бірегей орынға ие
(last modified Tue, 11 Jul 2023 11:38:26 GMT )
Шіл 11, 2023 17:38 Asia/Almaty
  • Иран  диагностикалық және емдік радиофармацевтикалық препараттарды өндіруде аймақта  бірегей орынға ие

Атом қуаты ұйымының жоспарлау және стратегиялық мониторинг жөніндегі директорының орынбасары: «Біз қалқанша безінің қатерлі ісігін емдеуге арналған радиотерапиялық йод 131 өндіруге қол жеткіздік",- деп хабарлады.

Мұхаммад Қанади Иранның радиофармацевтикалық өндіріс саласындағы бірінші дәрежесіне қатысты: «Диагностикалық және емдік радиофармацевтикалық өндіріс саласында біз аймақтағы бірегей орынға қол жеткізе алдық",- деді. Ол: «Радиофармацевтикалық препараттарды өндіруде біз аймақта өте әсерлі орынға қол жеткіздік және қазір емдік радиофармацевтикалық препараттарды шығару бойынша бірінші орындамыз. Сондай ақ диагностикалық және емдік радиофармацевтикалық препараттарды экспорттау саласында жақсы  орынға  иеміз», - деді.