Ислам революциясының жетекшісі: Жас ұрпақ замануи үгіт-насихаттың назарында болуы керек
Ислам революциясының жетекшісі жас ұрпақ елдің болашақ иелері мен құрылысшылары ретінде замануи үгіт-насихаттың назарында болып, жаңа әдістер мен құралдарға сүйену керектігін баса айтты.
Ислам революциясы жетекшісі баспасөз қызметінің мәліметінше, аятолла Хаменеи сәрсенбі күні мұхарам айы қарсаңында діндарлар, діни оқу орындары шәкірттері және үгіт-насихатшыларымен кездесуінде қазіргі қызметтен гөрі елдің зерттеуге негізделген үгіт-насихатты көбірек қажет ететіне назар аудартып, уағыз және оның өлшемдері туралы қасиетті Құранның бірнеше аяттарына сілтеме жасай отырып: "Тәңірдің дінін халық арасында дұрыс үгіт-насихаттысыз жүзеге асыру мүмкін емес",- деді. Ол семинариялардағы уағыз айтудың ежелгі дәстүрі мен ұлы ғұламалардың өміріндегі маңыздылығына тоқталып: " Ислам республикасы құрылғаннан кейін аудандардың міндеттерінің арасында уағыз айтудың басымдығы екі есеге артты, өйткені дінге негізделген саяси әскерилердің құрылуы үстемшілердің Исламға деген дұшпандығын арттырды",- деп мәлімдеді.
Ислам революциясының і жетекшісі халықтың сенімін исламдық жүйенің тұрақтылығының негізі деп атап: " Жүйені сақтап, халықтың иманың іс жүзінде сақтау – парыз. Қазіргі дәуірдегі үгіт-насихатқа негізделген әдістердің барлық түрлерімен және құралдардың таралуымен, соның ішінде Интернет пен жасанды интеллектін дамуымен ақыл-парасат дұшпандардың қанды қылыштарының алдында үгіт-насихаттың бірінші орында болуын талап етеді",- жеп айтты. Аятолла Хаменеи өзін либералдық демократия деп атайтын исламдық жүйеге қарсы майданды өтірікші деп, қазіргі тарихтың көптеген фактілеріне сілтеме жасай отырып: "Иран халқына қарсы майдан либертаризм мен еркін ойлауға қарсы және үстемшілерге тәуелді емес кез келген демократия түріне қарсы. Иран халқы мен исламдық жүйенің осы майданға қарсыласуы мен күресі өркениетті және жаһандық күрес болып табылады",- деп қуаттады. Ол Украинаның баспанасыз және кедей халқының жағдайын Батыстың отаршылдық уәждерінің жалғасуының дәлелі деп: " Украина халқын өлтіру керек, өйткені Батыстың қару-жарақ өндіру және сату компанияларының мүдделері Украинадағы соғысты жалғастырғысы келеді",- деді. Ислам революциясының жетекшісі бүгін Батыстың осалдығын бұрынғыдан да көбірек екеніне тоқталып, былай деді: "Америка – әртүрлі саяси салаларда, ұлттармен бетпе-бет келу, американдық ұлттың өзімен бетпе-бет келу, нәсілшілдік, жыныстық этика, қылмыс, қатыгездік - шайтандық ерекшеліктер мен жамандықтардың жиынтығы".