Шіл 21, 2023 00:20 Asia/Almaty
  • Иранның жасөспірім волейболшылары Орта Азия чемпионатының жеңімпазы атанды

Иранның 16 жасқа дейінгі ұлдар волейбол командасы Пәкістан командасынан басым түсіп, Орта Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.

Өзбекстанның Ташкент қаласында 16 жасқа дейінгі ұлдар арасында волейболдан өткен Орта Азия чемпионатының алғашқы кезеңі кеше, сәрсенбі Иран командасының жеңісімен аяқталды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран командасы ақтық сында екінші рет Пәкістан командасымен ойнап, оны 3:2 есебімен жеңіп, 16 жасқа дейінгі ұлдар арасындағы Орта Азия чемпионатының алғашқы кезеңінің жеңімпазы атанса, Пәкістан, Өзбекстан мен Қазақстан командалары екінші, үшінші және төртінші орындарға тұрақтады. 

Тегтер