Шіл 27, 2023 16:48 Asia/Almaty
  • Данияның Сыртқы істер министрі: Құранды қорлаушы Дания халқының өкілі емес

Данияның Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахианмен телефон арқылы сөйлесуінде: «Дания үкіметі діни қасиеттерді қорлау мен сөз бостандығын теріс пайдалануды айыптайды»,- деді.

Данияда исламдық қасиеттерге қайта-қайта тіл тигізуден кейін Дания Сыртқы істер министрі Ларс Локке Расмуссен бүгін Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амирабдуллахианмен телефон арқылы сөйлесті. Данияның Сыртқы істер министрі  Құран Кәрімге құрметсіздік білдірілуге  өкініш білдіріп: «Дания Құран Кәрімді қорлаудың кез келген әрекетін қатаң түрде айыптайды. Құранды қорлаушылар Дания халқының өкілі емес»,- деп тоқталды.

Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амирабдуллахиан қасиетті Құран Кәрімге соңғы кездегі құрметсіздікті айыптап: «Сөз бостандығы діни құндылықтар нысанаға алынатын және шабуылға ұшырайтын санат емес. Осыны негізге ала отырып, надандық дәуірді еске түсіретін осындай қорлық әрекеттердің қайталануы барынша қатаң түрде айыпталады»,- деді.

 

Тегтер