Там 03, 2023 20:17 Asia/Almaty
  • Иран қоршаған орта ұйымының басшысы: Талибан осы күнге дейін Иранға тек 15 млн литр су жіберді

Иран қоршаған орта ұйымының басшысы: "Ауғанстан үкіметі Гильменд суын жіберу туралы хаттаманы қабылдаймыз деп айтады. Бірақ іс жүзінде 820 млн литрдің орнына тек 15 млн литр су жіберді",-деді.

1972 жылы Иран мен Ауғанстанның сол кездегі басшылары қол қойған Гильменд хаттамасы бойынша Иранның осы өзеннен алатын су үлесі жылына 820 млн текше метр, яғни секундына шамамен 26 текше метр болуы керек, әрине түрлі айлар мен маусымдарда көлем өзгеріп отырады.  

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Әли Саладжағе сәрсенбі күні үкімет отырысы аясында тілшілерге берген сұхбатында: "Ауғанстан үкіметіне Иранның Гильменд суын тұтыну құқығы туралы жиналыс өткізуге бірнеше рет өтініш жасадық, бірақ қабылдамады",-деді.

Әли Саладжағе:"Ауғанстан жеріндегі бөгет суының деңгейі жақсы, бірақ Талибан үкіметі екі ел арасында қабылданған хаттаманы орындамай отыр",-деді.

Тегтер