Раиси: Иран дос елдермен өз мүмкіндіктерін бөліседі
Иран Президенті: "Иран әртүрлі салалардағы айтарлықтай жетістіктерін дос елдер, соның ішінде Шри-Ланкамен бөлісуге дайын",-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси жексенбі күні Шри-Ланка Сыртқы істер министрі Әли Сабримен кездесуінде зұлым санкцияларға қарамастан Иранның түрлі салаларда, соның ішінде ғылым мен технологияда айтарлықтай жетістіктерге жеткеніне тоқталып, Иран мен Шри-Ланканың ортақ экономикалық ынтымақтастық комиссиясының жұмысын жандандыру керегін айтып: "Түрлі елдерде, соның ішінде Шри-Ланкада даму мүмкіндігі зор. Шетелдік араласушылық пен отаршылдық болмағанда бұл елдер гүлденіп дамып кететін еді",-деді.
Сабри санкцияларға қарамастан Иранның ғылым мен технологияда үлкен жетістіктерге жеткенін айтып, түрлі салаларда Иранмен әріптестікті кеңейтуге ниет білдірді.