Раиси: Иран дос елдермен өз мүмкіндіктерін бөліседі
https://itolqyn.com/news/iran-i71606
Иран Президенті: "Иран әртүрлі салалардағы айтарлықтай жетістіктерін дос елдер, соның ішінде Шри-Ланкамен бөлісуге дайын",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 08, 2023 09:27 Asia/Almaty
  • Раиси: Иран дос елдермен өз мүмкіндіктерін бөліседі

Иран Президенті: "Иран әртүрлі салалардағы айтарлықтай жетістіктерін дос елдер, соның ішінде Шри-Ланкамен бөлісуге дайын",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси жексенбі күні Шри-Ланка Сыртқы істер министрі Әли Сабримен кездесуінде зұлым санкцияларға қарамастан Иранның түрлі салаларда, соның ішінде ғылым мен технологияда айтарлықтай жетістіктерге жеткеніне тоқталып, Иран мен Шри-Ланканың ортақ экономикалық ынтымақтастық комиссиясының жұмысын жандандыру керегін айтып: "Түрлі елдерде, соның ішінде Шри-Ланкада даму мүмкіндігі зор. Шетелдік араласушылық пен отаршылдық болмағанда бұл елдер гүлденіп дамып кететін еді",-деді.

Сабри санкцияларға қарамастан Иранның ғылым мен технологияда үлкен жетістіктерге жеткенін айтып, түрлі  салаларда Иранмен әріптестікті кеңейтуге ниет білдірді.