Теһран жұма намазының құтпалары
Теһран жұма намазының құтпагері Ислам революциясының өз болмысын Ашура мектебінен алғанын айтып: "Егер Ашура болмаса, Ислам революциясы болмас еді",-деді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Теһран жұма намазының құтпагері Абуторабифард: "Ашура мектебі Сирияны АҚШ-тың шеңгелінен шығарып, Йеменді қарсыласу символына айналдырды",-деді.
Теһран жұма намазының құтпагері: "Ашура мектебі Ливан Хизбулласы мен сионистік режимнің 33 күндік соғысын тудырды. Бұл мектеп шәһид сардар Сүлеймани мен Қасиетті қорғаныс шәһидтерін тәрбиеледі",-деді.
Абуторабифард шәһид Сүлейманидың "Израиль 33 күндік соғыстан кейін жеңілген пассивті ойыншыға айналды" деген сөздеріне тоқталып: "Бұл ашуралық ерлер қауіпсіздікке қатер төндірген режимді жеңілуге мәжбүрледі",-деді.
Теһран жұма намазының құтпагері Иран Ислам Кеңесі Мәжілісіне сайлауға үміткерлерді тіркеу басталғанына тоқталып, оны халықтың ел басқаруға қатысуының символы деп атады.
Абуторабифард: "Ислам революциясы жеңіске жетіп, диктаторлық режим құлап, конституция қабылданғаннан кейін Иран халқының ел басқаруға қатысуына жол ашылды",-деп ескертті.