Там 16, 2023 22:44 Asia/Almaty
  • Иран Қарулы күштерінің баспасөз өкілі: Теһран үкіметі өзінің үш аралына қатысты ешкіммен сыпайысып тұрмайды

Иран Қарулы күштерінің баспасөз өкілі Теһран үкіметінің Әбу Мұса, Тонб-е бозорг пен Тонб-е кучек аралдарына қатысты ешкіммен сыпайысып тұрмайтынын, бұл үш аралдың Иранға тиесілі екенін айтып: "Аймақ елдері дұшпандардың психологиялық соғысының ықпалына түспесін",-деді.

Бригада генералы Әбулфазл Шекарчи "Тасним" ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Сақшылар корпусы теңіз күштерінің Парсы шығанағында жуырда өткізген әскери жаттығуына тоқталып: "Осы жаттығу қалыбында дұшпандарға трансаймақтық күштердің заңсыз орналасқаны туралы ескертті",-деді.

Әбулфазл Шекарчи Парсы шығанағы маңындағы елдерден өз қауіпсіздігін АҚШ, Ұлыбритания мен Франция сияқты Батыс елдерімен байланыстырмауын сұрап: "ИИР аймақта бар күш-қуатымен қызмет етіп жатыр",-деді.

Тегтер