Қалибаф: АҚШ тікелей келіссөз жүргізуді сұрап отыр
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: "Америкалықтар бұрыннан бері араағайынсыз тікелей келіссөз өткізуді көздеп келеді",-деді.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммед Бағер Қалибаф жұма күні Ислам революциясының Сақшылар корпусы қолбасшыларының жоғары кеңесінің 24-ші отырысында америкалықтардың тікелей келіссөз жүргізуді қалап отырғанын мәлімдеді.
Иранның он үшінші отырысында АҚШ-пен келіссөз өткізу тақырыбы бірінші рет көтеріліп отырған жоқ. Иран Мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясының бір мүшесі жуырда Иран мен АҚШ арасында араағайын арқылы келіссөз жүріп жатқаны жайлы хабар берді. Келіссөздерде кейбір тақырыптар бойынша нәтижеге қол жеткізілді.
Мұхаммед Бағер Қалибаф сондай-ақ: "Бөлшектеуге бағытталған қастандықтар, террорлық актілер, таңылған соғыс, бүліктер, экономикалық соғыс, ақпараттық соғысқа қарамастан Ислам революциясы өзінің өміршеңдігін дәлелдеді",-деді.