Иран Президенті: Батыс елдері келіссөз үстелінен шықты
ИИР Президенті: «Батыс елдері келіссөз үстелінен шығып, бүлікшілерді қолдау арқылы өз мақсаттарына жетуге тырысуда»,- деді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР Президенті Ибрахим Раиси сейсенбі күні үкімет апталығына байланысты баспасөз мәслихатында дұшпанның Иранға қарсы әрекеттеріне тоқталып: «Дұшпан исламдық Иранды әлемде оқшаулау және Иранның ішіндегі халықтың көңілін қалдырудың екі стратегиясын қолданғысы келді»,- деп баса айтты. Раиси дұшпанның Иранды оқшаулай алмағанын назар аудартып: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы мәселесі қаралатын бірінші немесе соңғы іс емес. Иранның көрші елдермен саяси, экономикалық және сауда-саттық қарым-қатынастарының деңгейі мүлде басқаша болды. Көрші елдермен экономикалық және сауда қарым-қатынасының 14 пайызға өскенінін куәсіміз. Сауда қатынастарында 13-ші үкімет рекорд орнатты және елде бар көптеген мүмкіндіктермен Латын Америкасы, Африка және көптеген Азия елдерімен қарым-қатынастар артты. Еуразиялық одаққа мүшелік, ШЫҰ-на мүшелік және жуырда БРИКС-ке мүше болу исламдық Иранның мүмкіндігі мен ұстанымы бар екенін көрсетті. Ислам елдерімен үзілген қарым-қатынастар қадағаланып, көрші елдермен және одақтас елдермен саяси, экономикалық және сауда-саттық қарым-қатынастарының деңгейі де мүлде басқаша болды. Иранның саяси, сауда және экономикалық жағдайы дұшпанның Ислам республикасын оқшаулауда табысқа жете алмағанын және халықтың көңілін қалдыру және көңілін қалдыру саласында ауыр сәтсіздікке ұшырағанын көрсетеді. Раиси «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында америкалықтар мен еуропалықтардың өз міндеттемелерін орындамағанын және тек Иранның өз міндеттемелерін орындағанын мәлімдеді. Ол: «АҚХА Иранның ядролық бағдарламасында ауытқу болмағанын 15 рет жариялады. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы толығымен саяси мәселе. Иранның 13-ші үкіметі келіссөздерде ешбір кейінге шегінбей, Иран халқы игіліктерінен пайдалана алуы үшін санкциялардың жойылуын талап етуде»,- деп баса айтты.