Иран Сыртқы істер министрі Ислам революциясының жетекшісіне алғыс айтты
(last modified Thu, 31 Aug 2023 09:18:47 GMT )
Там 31, 2023 15:18 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрі Ислам революциясының жетекшісіне алғыс айтты

Иран Сыртқы істер министрі Ислам революциясының жетекшісіне елдің сыртқы саясатындағы белсендігін қолдағаны үшін алғыс айтты.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан Instagram-дағы постында: "Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи үкімет мүшелерімен кездесуінде сыртқы саясат саласында атқарылған жұмыстарға, соның ішінде екі маңызды халықаралық ұйымға (ШЫҰ мен БРИКС) мүше болу, тату көршілестік саясат жүргізуіне алғыс айтты. Бұл дипломатиялық органның Иранның халықаралық сахнадағы орнын жоғарылату үшін жасап жатқан талпыныстарын арттыра түседі және сыртқы саясатты одан ары қарқынды ілгерілетуге серпін береді",-деп жазды.

Иран Сыртқы істер министрі: "Ислам революциясының жетекшісі екі маңызды кеңес берді: "Шет елдермен әріптестік мүмкіндіктерін айқындап, дер кезінде пайдаланыңыздар. Ынтымақтастық туралы меморандумдар мен құжаттар қағаз жүзінде қалып қоймасын". Бұған Иран СІМ ерекше назар аударады",-деді.

Аятолла Хаменеи сәрсенбі күні үкімет мүшелерімен кездесуінде сыртқы саясат саласында атқарылған жұмыстарға алғыс айтып: "Көршілес елдермен қатынасқа негізделген саясат – өте жақсы саясат",-деді.

Тегтер