Раиси Иранның жаңа елшілерімен кездесті
https://itolqyn.com/news/iran-i72004-Раиси_Иранның_жаңа_елшілерімен_кездесті
ИИР Президенті Иранның 9 елдегі жаңа елшілерімен кездесуінде Иран Ислам Республикасы өкілдерінің рухани жетекшінің сыртқы саясат саласындағы күн тәртібін орындауға талпынуын талап етті.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қыр 01, 2023 11:20 Asia/Almaty
  • Раиси Иранның жаңа елшілерімен кездесті

ИИР Президенті Иранның 9 елдегі жаңа елшілерімен кездесуінде Иран Ислам Республикасы өкілдерінің рухани жетекшінің сыртқы саясат саласындағы күн тәртібін орындауға талпынуын талап етті.

 

Раиси көптеген елдердегі Иран елшілерінен Иранмен қарым-қатынастарын кеңейтуге дайын екенін ескере отырып, Иранның мүмкіндіктерін тиімді таныстыру арқылы дипломатиялық қарым-қатынастарды кеңейту және екіжақты, аймақтық және халықаралық ынтымақтастық деңгейін жақсартуды  сұрады.

Иран Президенті қол қойылған құжаттар мен әртүрлі елдердің президенттерімен қол жеткізілген келісімдердің орындалуына тоқталып, Иранның ШЫҰ, Еуразиялық одақ және БРИКС тобы сияқты аймақтық ұйымдарға мүшелігіне тоқталып, Иранның осы ұйымдарға мүше елдермен қарым-қатынастарын кеңейтуді елшілердің міндеттерінің бірі деп атады.