Қыр 02, 2023 15:14 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі бір топ оқушылардың Арбағин шеруі туралы хатына жауап берді

Ислам революциясының жетекшісі бір топ студенттердің Арбағин шеруі туралы хатына берген жауабында: "Қасиетті Арбағин шеруі  имам Хұсейннің (ғ.с.) мақсаты мен күресі туралы ойлануға мүмкіндік береді",- деп баса айтты.

 

Аятолла Хаменеидің еңбектерін сақтау және басып шығару кеңсесінің мәліметі бойынша, Теһрандағы бір мектептің бір топ оқушылары мен түлектері өткен күндерде, Кербалаға аттанар алдында Ислам революциясының  жетекшісі аятолла Хаменеиге хатында  Арбағин шеруіне қатысудың жемісті болуы үшін ақыл-кеңестер беруді сұрады. Ислам революциясы жетекшісінің осы студенттердің хатына берген жауабының мәтінінде: "Осы қасиетті шеруде тавасул мүмкіндігін, имам Хұсейннің (ғ.с.) күресі және оның мақсаты мен осы ұлы құрбандыққа Алланың сый еткен нығметтері туралы ойлану мүмкіндікті   жіберіп алмаңдар. Бұл мақсат әрбір мүміннің мақсаты болуы керек. Алладан табыс пен тура жолға салуды сұрап және сол жолда берік болыңдар",- деп айтылды.

 

 

 

 

Тегтер