Ирандық оқушылар Дүниежүзілік математикалық олимпиадада 6 алтын, күміс және қола медаль жеңіп алды
https://itolqyn.com/news/iran-i81118
ParsToday – ИИР-ның ұлттық құрама командасының оқушылары 66-шы Дүниежүзілік математикалық олимпиадада 6 түрлі-түсті медаль жеңіп алды.
(last modified 2025-07-30T00:19:04+00:00 )
Шіл 20, 2025 17:32 Asia/Almaty
  • Ирандық оқушылар Дүниежүзілік математикалық олимпиадада 6 алтын, күміс және қола медаль жеңіп алды

ParsToday – ИИР-ның ұлттық құрама командасының оқушылары 66-шы Дүниежүзілік математикалық олимпиадада 6 түрлі-түсті медаль жеңіп алды.

2025 жылы 66-шы Дүниежүзілік математикалық олимпиада Австралияда өтті. Pars Today агенттігінің сенбі күнгі хабарына қарағанда, Иран Ислам Республикасының ұлттық математикалық олимпиада командасы жарыста екі алтын, үш күміс және бір қола медаль жеңіп алды.

Бұл олимпиадада Мәһди Ағаджанлоу және Бардия Хошеқбал алтын, Мұхаммад Саджад Мемари, Мұхаммад Реза Аттаранзаде және Амир Хұсейн Зарей күміс, Парсия Теджалаи қола жүлдені жеңіп алды.

Бірнеше күн бұрын Қытайдағы жарыстық оқу-жаттығу жиынына қатысып жатқан Иран Ислам Республикасының математикалық олимпиадасының алты адамдық командасы осы беделді ғылыми жарыста Қазақстанмен бірлесе отырып, 32 қатысушы елдің арасынан екінші орынды жеңіп алды.