Қыр 06, 2023 16:31 Asia/Almaty
  • Иран: Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері санкцияларды қару ретінде пайдаланудан аулақ болуы керек

Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелерінен санкцияларды заңсыз біржақты әрекеттерін жасыру немесе Қауіпсіздік Кеңесінің күн тәртібінде тұрған елдерге қарсы саяси мақсаттарын алға жылжыту қаруы ретінде пайдаланудан бас тартуды сұрады.

 

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Саид Ирвани сейсенбі күні Қауіпсіздік кеңесінің отырысында осы кеңестің жұмыс істеу тәртібі мен әдістеріне қатысты: «Қауіпсіздік Кеңесінің санкциялары мұқият бағалануы және осы шаралардың терең гуманитарлық салдары тұрғысынан үздіксіз қаралуы және қажет болған жағдайда тоқтатылуы тиіс. Санкцияларды қолдану мәселесін қарастыру кезінде, әсіресе олардың қажеттілігі немесе негіздемесі күмән тудыратын сценарийлерде Қауіпсіздік Кеңесі VII тараудағы өзінің өкілеттіктерін мұқият, ақылмен және осы әрекеттердің азаматтық халыққа елеулі гуманитарлық және адам құқықтары саласындағы салдарын терең ескере отырып жүзеге асыруы керек",- деді.

   

 

Тегтер