Иранның әртүрлі қалаларында «Кербаладағы Арбағин рәсіміне бармағандар» жаяу жүру рәсімі өтті  
(last modified Wed, 06 Sep 2023 10:42:52 GMT )
Қыр 06, 2023 16:42 Asia/Almaty
  • Иранның әртүрлі қалаларында «Кербаладағы Арбағин рәсіміне бармағандар» жаяу жүру рәсімі өтті  

Теһран мен Иранның басқа да қалаларында «Кербаладағы Арбағин рәсіміне бармағандардың» жаяу жүру рәсімі өтті.

 

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін, сәрсенбі күні Теһранда Арбағиннің жаяу жүру рәсімі имам Хұсейн (ғ.с.) алаңынан Рей қаласындағы хазірет Абдулазим Хасанидің кесенесінде дейін өтті.

Хазірет Абдулазим кесенесіне дейінгі жол бойында аза тұтушыларға екі мыңға жуық шатыр қызмет көрсетті.

Бүгін Иранның басқа қалаларында да «Кербаладағы Арбағин  рәсіміне бармағандар» рәсімі өтті. Қасиетті Мешхед қаласында Арбағин жаяу жүру рәсімі 15 Хордад алаңынан имам Резаның (ғ.с.) қасиетті кесенесіне  дейін өтті.