Раиси Иранның жасөспірім таэквондошыларын Азия чемпионатындағы жеңісімен құттықтады
https://itolqyn.com/news/iran-i72222
Иран Президенті Ливанда жасөспірімдер арасында таэквондодан өткен V Азия чемпионатында Иранның ұлттық қыздар командасын жеңімпаз атануымен, ұлттық ұлдар командасын екінші орын алуымен құттықтады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 10, 2023 18:31 Asia/Almaty
  • Раиси Иранның жасөспірім таэквондошыларын Азия чемпионатындағы жеңісімен құттықтады

Иран Президенті Ливанда жасөспірімдер арасында таэквондодан өткен V Азия чемпионатында Иранның ұлттық қыздар командасын жеңімпаз атануымен, ұлттық ұлдар командасын екінші орын алуымен құттықтады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раисидің құттықтау хатында: "Ливанда жасөспірімдер арасында таэквондодан өткен V Азия чемпионатында Иранның ұлттық қыздар командасының жеңімпаз атануы және ұлттық ұлдар командасының екінші орын алуы исламдық Иран перзенттерінің мақтан тұтарлық қарым-қабілетін көрсетеді",-делінген.

Осындай келешегі зор басымдық – серпінді де қуатты елдің айқын белгісі. Бұл ел ірілі-ұсақты қадамдарымен әр салада абырой шыңдарын бағындыруға ұмтылады.