Иран тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына табанды
Жүйе мүддесін анықтау алқасының мүшесі: "Күдіксіз, ИИР елдің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына қатысты ешбір тараппен ақылдаспайды және аймақ елдері дұшпандардың шиеленіс тудыратын жоспарларының тұзағына түсіп қалмау үшін қырағы болуы керек",- деді.
Жүйе мүддесін анықтау алқасының мүшесі әрі Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер бойынша кеңесшісі Әлиакбар Велаяти Al Jazeera телеарнасына берген сұхбатында Иранның үш аралы туралы: "Барлық тарихи құжаттар мен халықаралық деректерге сүйене отырып, Иран Ислам Республикасына тиесілі үш аралға қатысты кейбір мәлімдемелер мүлдем негізсіз. Иранның үш аралдағы егемендігі дәлелденді және ежелгі дәуірден бері Иранның бұл аралдардың түпкілікті меншігінде ешқандай күмән жоқ. Кейбір көрші елдер көтерген уәждердің халықаралық және құқықтық мәні жоқ",- мәлімдеді.