Қыр 15, 2023 13:18 Asia/Almaty
  • ИИР Президенті Сауд Арабиясының Королі мен Тақ мұрагеріне жеке хат жіберді

 Сауд Арабиясының ақпарат құралдарының бірі Сауд Арабиясының Королі мен Тақ мұрагерінің ИИР Президентінен екі хат алғанын хабарлады.

 

Бұл туралы Сауд Арабиясының Akaz газеті: "Сауд Арабиясының Королі Салман бен Абдулазиз және Тақ мұрагері Мұхаммад бин Салман ИИР-нығ Президенті Ибрахим Раисиден екіжақты қарым-қатынастар және оларды әртүрлі салаларда нығайту және қолдау жолдары туралы екі хат алды",- деп жазды.

Осы хабарға сәйкес, екі хатты Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрі Фейсал бен Фарханның атынан оның орынбасары Уәлид бен Абдул Карим әл-Хариджи  ИИР-ның Эр-Риядтағы елшісі Али Реза Энаятимен  кездесуінде алды.

Иран мен Сауд Арабиясы өткен наурызда Ирактағы қауіпсіздік келіссөздерінің бес кезеңі мен Омандағы үш кезеңдегі келіссөздердің және екі елдің  арағайындығынан кейін ақыры Бейжіңде дипломатиялық қарым-қатынастарды қалпына келтіру туралы келісімге келді.

 

Тегтер