Қаз 12, 2023 18:26 Asia/Almaty
  • Амирабдуллахиан Гутерришке: БҰҰ Газаға шұғыл көмек жеткізуі керек

ИИР  Сыртқы істер министрі БҰҰ  Бас хатшысымен телефон арқылы сөйлесуінде: «Біріккен Ұлттар Ұйымының Газаға су, азық-түлік және  гуманитарлық заттарды жіберу үшін үзіліссіз шұғыл шаралар қабылдауын күтеміз",- деді.

 

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хұсейн Амирабдуллахиан басып алынған Палестинадағы қазіргі жағдай туралы консультацияларының жалғасында  Антонио Гутерришпен телефон арқылы сөйлесуінде: "Басып алынған аймақтарда болған оқиға толығымен Палестина бастамасы және Нетаньяху мен сионистік режимнің соңғы айлардағы әскери қылмыстары мен экстремизміне реакция болды. Газада әйелдер мен балалардың өлтірілуінің артуына байланысты оның кейінгі кері байланысы мен жағдайдың күрделенуіне жауапкершілік сионистік режимге жүктеледі",- деп мәлімдеді.

Гутерриш ИИР-ның Дүниежүзілік Қызыл Крест және Біріккен Ұлттар Ұйымымен үйлестіре отырып Газаға су, азық-түлік және дәрі-дәрмек жіберуге дайындығын жоғары бағалап, Газадағы электр станциялары үшін жанармайдың таусылуына тоқталып, Газадағы адами апат қаупіне алаңдаушылық білдірді. 

 

 

   

Тегтер