Иран Республикасының Президенті: Палестиналықтардың  құқықтары ескерілмей, аймақта ешқандай тәртіп орнамайды
(last modified Thu, 12 Oct 2023 14:08:36 GMT )
Қаз 12, 2023 20:08 Asia/Almaty
  • Иран Республикасының Президенті: Палестиналықтардың  құқықтары ескерілмей, аймақта ешқандай тәртіп орнамайды

Иран Президенті әл-Ақса дауылы операциясының игілігінің бірін палестиналықтардың құқықтары ескерілмей аймақта жаңа тәртіп орнамайтынының дәлелі деп санады.

 
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Ибрахим Раиси сәрсенбі күні кешке Сирия Президенті Башар Асадпен телефон арқылы сөйлесуінде сионистік режимнің "әл-Ақса дауылы" операциясы кезінде 75 жылдық тарихында бұрын-соңды болмаған соққыға ұшырағанын айтып: "Өткен күндерде бұл режимнің шектен шыққан кабинеті арсыздықтың барлық шекарасын бұзып, үлкен қылмыстар жасады",- деді.  ИИР Президенті Палестина халқының ашу-ызасын әл-Ақса мешітіне қайта-қайта шабуыл жасауы және сионистердің күн сайын палестиналық ерлер мен әйелдерді, кәрі мен жасты өлтіріп, тұтқынға алуы және мұны осы режимнің оңшыл министрлер кабинетінің шектен шыққан ұстанымдарының нәтижесі деп атап: "Бүгінде сионистер барлық халықаралық шарттарға қайшы, Газаны толығымен қоршап, осы аймақтың езілген халқына су, электр қуаты, дәрі-дәрмек және отын беруден бас тартты. Адам құқығы туралы өтірік жар салушылар де қос стандарттармен жәбірлеуші ​​мен езілгеннің орнын өзгертуге тырысуда. Олардың бұл ұстанымы сионистік режимнің арсыздығы мен палестиналықтардың геноцидінің жалғасуына себеп болды",- деп айтты.

Сирия Президенті Башар Асад та осы телефон сұхбатында "сионистерге қарсы қарсыласу қозғалысының ұлы жеңістері бұл режимнің өзі мәлімдегеннен әлдеқайда әлсіз екенін көрсетті" деп: " Бүгінгі таңда біздің алдымызда тұрған ең айқын мәселе – барлық араб және ислам елдері Палестина ұлты мен Газаның езілген халқының құқықтарын қолдау үшін біртұтас және айқын ұстанымда келісу керек",- деді.