Палестина халқына қолдау көрсету – ислам әлемін біріктіретін ең  маңызды мәселе
https://itolqyn.com/news/iran-i73012-Палестина_халқына_қолдау_көрсету_ислам_әлемін_біріктіретін_ең_маңызды_мәселе
Дүниежүзілік Ислам діндері ассамблеясының бас хатшысы: «Құдс пен Палестина халқын қолдау – ислам әлемін біріктіретін ең маңызды мәселе»,-  деп баса айтты.
(last modified 2025-10-02T08:25:16+00:00 )
Қаз 14, 2023 21:05 Asia/Almaty
  • Палестина халқына қолдау көрсету – ислам әлемін біріктіретін ең  маңызды мәселе

Дүниежүзілік Ислам діндері ассамблеясының бас хатшысы: «Құдс пен Палестина халқын қолдау – ислам әлемін біріктіретін ең маңызды мәселе»,-  деп баса айтты.

Дүниежүзілік Ислам діндері ассамблеясының бас хатшысы Хамид Шахриари: «Қарсыласу мен Палестина мәселесі ислам әлеміндегі мұсылмандық бірлік пен жақындасу дискурсының негізгі осі болып табылады және шынын айтқанда, Палестина қарсыласуы майданға жақсы шықты. Сионистік режим құлдырау үстінде және оның жойылуы жақын арада жүзеге асады. "Әл-Ақса дауылы" операциясының бұл режим негіздерінің жеңіліске ұшырауы мен әлсіздігін дәлелдегеніне куә боламыз. Палестина мәселесі ешқашан ұмытылмауы керек және оның ислам әлемінің басты мәселесі болып қалуы және мұсылман халықтарының қасиетті қаланы азат ету үшін талпынуы өте маңызды»,- деді.