Қаз 17, 2023 16:42 Asia/Almaty
  • Раиси Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесуінде: Газадағы сионистік қылмыстарды тоқтату үшін әрбір секунд өте маңызды

ИИР Президенті Түркия президентімен телефон арқылы сөйлесуінде Газадағы сионистік  қылмыстарды тоқтату үшін әрбір секунд өмірлік маңызды екенін қуаттады.

Ибрахим Раиси кеше (дүйсенбі) Реджеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесуінде сионистік басып алушылар режимінің Газаның езілген халқына қарсы сұмдық қылмыстарын айыптап, ислам әлемін сионистердің қылмысына қарсы тұруға және Газадағы қорғансыз әйелдер мен балаларға қарсы жабайы шабуылдарды тоқтатуға талпынуға шақырды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Раиси сондай-ақ: «Бүгін мұсылман халықтары мен езілген Палестина елі ислам әлемінен осы басып алушы режимнің қылмыстарын тоқтату үшін барлық мүмкіндіктерін пайдалануын күтуде",- деді.

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған осы телефон арқылы сөйлесуінде сионистік режимнің әрекеттерін айыптап: «Бүгін Газада болып жатқан оқиға бүкіл әлем мұсылмандарын қынжылтты және біз Газа халқына көмектесуге тырысамыз және осы саладағы күш-жігерімізді жалғастырамыз",- деп айтты.

 

Тегтер