Қаз 27, 2023 17:31 Asia/Almaty
  • Иран ШЫҰ-на мүше елдер премьер-министрлер кеңесінің 22-ші отырысына он үш ұсынысын берді

Бұл отырыста ИИР Вице-президенті жолдарды дамыту, экономиканы нығайту, дамып келе жатқан технологияларды дамыту, азық-түлік қауіпсіздігі, экология және климаттың өзгеруі, энергетикалық қауіпсіздік, аймақтық қауіпсіздік, терроризм мен экстремизмге қарсы күрестің 6 бағыты бойынша 13 ұсыныс жасады.

 

ИИР Вице-президенті Мохбер халықаралық жүйенің дәстүрлі және біржақты тәртіптен көпжақтылыққа негізделген жаңа тәртіпке қозғалысына тоқталып: «Ұжымдық қатысуға негізделген әділетті халықаралық жүйе құру Иранның сыртқы саясатының негізгі басымдықтарының бірі болып табылады»,- деді.

Осы отырыс аясында Иранның Вице-президенті Қытай Премьер-министрімен кездесіп, әңгімелесті. Мохбердің Ли Цянмен кеңесулерінің негізгі бағыты 25 жылдық стратегиялық келісімді толық жүзеге асыру,  екі елдің ұлттық валюталарын пайдалану арқылы экономикалық ынтымақтастықта секіріс жасау және туризм индустриясын дамыту болды.

 

Тегтер