Теһран жұма намазының имамы: "Әл-Ақса дауылының" күні Палестина халқы үшін береке күні.
Теһран жұма намазының имамы "әл-Ақса дауылы" операциясының жетістіктеріне тоқталып: «Әл-Ақса дауылы болған күнді Палестина халқы үшін әл-Барака күні және сионистік режим үшін Нақба күні деп санау керек",- деді.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Мұхаммад Джавад қажы Әли Акбари осы аптада Теһрандағы жұма намазы уағызында бүгінгі күннің ең маңызды мәселесі Палестина мәселесі екенін айтып: «Әл-Ақса дауылы» біздің өміріміздегі үлкен бірлескен операция мен тарихи бетбұрыс болды. Аймақ пен әлем тарихын 7 қазанға дейін және кейін деп бөлуіміз керек. "Әл-Ақса дауылы" операциясының себебі – негізі мен болмысы адам өмірін өлтіру, қорлау және жоюға негізделген сионизмнің әлемдік лоббиіне, Америка мен Еуропаға қарсы 75 жыл басқыншылық пен 16 жылдық қоршауға реакция",- деп мәлімдеді.