Қар 11, 2023 17:13 Asia/Almaty

ИИР Президенті: "Америкалықтар Газада атысты тоқтатуға кедергі жасауда және бүгін әлем АҚШ-тың шынайы келбетін білуі керек",- деді.

 

Иран Президенті бүгін (сенбі) Ислам Ынтымақтастық Ұйымы басшыларының шұғыл отырысына қатысу үшін Сауд Арабиясына аттанды.

Ибрахим Раиси "Мехрабад" әуежайынан Сауд Арабиясына аттанар алдында бұл елге сапарының мақсаттарына тоқталып: "Дүние жүзіндегі түсінігі мен ойы бар адамдар миллиондап көшеге шықты. Олар сионистік режимнің езгілері, америкалықтардың адамзатқа қарсы қылмысты, геноцидті және әскери қылмысты қолдауына қарсы ",- деп мәлімдеді.  

Иран Телерадио ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Раиси былай деп қосты: "Америкалықтар Газада қылмыс жасап жатқан бұл соғыс машинасының жанар-жағармайын қамтамасыз етті, соғыс машинасы американдықтардың қолында, ал әрекеттер американдықтардың әрекеті".

ИИР Президенті сондай-ақ: "Ислам Ынтымақтастық Ұйымындағы Палестина мәселесінің көтерілуін ұйымның құрылуының негізгі философиясы болып табылады және барлық басшылар жұмысты мұқият қадағалауы керек",- деп айтты.  

 

Тегтер