Ислам революциясы жетекшісі: Күшті интеллектуалды база - бұл күннің қажеттілігі
(last modified Wed, 15 Nov 2023 11:53:48 GMT )
Қар 15, 2023 17:53 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы жетекшісі: Күшті интеллектуалды база - бұл күннің қажеттілігі

Ислам революциясының  жетекшісі Алламе Табатабаи халықаралық конгресінің ұйымдастырушыларымен кездесуінде: "Күшті интеллектуалды база - бұл күннің қажеттілігі",- деді.

 

Ислам революциясының жетекшісінің 2023 жылы 8 қарашада өткен Алламе Табатабаи халықаралық конгресінің ұйымдастырушылар жиналысындағы мәлімдемелерінің мәтіні бүгін (сәрсенбі)  таңертең Құмдағы конференция өткен жерде жарияланды.

Бұл кездесуде аятолла Хаменеи марқұм Алламені соңғы ғасырлардағы діни оқу орындарындағы ерекше құбылыс деп атап: "Аятолла сейіт Мұхаммад Хұсейн Табатабаидің   жат және сырттан әкелінген ой-пікірлердің шапқыншылығы тұсында маңызды еңбектерінің бірі – интеллектуалдық жиһад және агрессивті құрылымға ие қуатты зияткерлік базаны қалыптастыру, бұл бүгінгі күні бізге қажет",- деді. Ислам революциясының жетекшісі марқұм Алламе Табатабайдың «білім», «тақуалық», «адамгершілік қасиеттер», «көркемдік талғам, поэзия және әдебиет» және «тазалық», «достық пен адалдық» сияқты көрнекті және ерекше сипаттарына тоқталып: "Оның ғылыми аспектісінде сан алуан қырлары бар, соның бірі – марқұмның сирек ғылыми алуандығы",- деп айтты. Аятолла Хаменеи Алламе Табатабайдың «фиқһ», «құқық», «билік және математика», «тафсир», «Құран ғылымдары», «поэзия және әдебиет» және «ансааб» сияқты ғылымдардағы шеберлігіне газар аудартып: "Бұл таңғаларлық ғылыми әртүрліліктен басқа, оның әртүрлі ғылымдардағы ғылыми және интеллектуалдық тереңдігі де өте таңқаларлық, ол фундаменталист, жаңашыл философ және ғажайып сарапшы болған. Аятолла Хаменеидің айтуынша, "Алламе Табатабайдың көзі тірісінде және шәкірт тірбиелеген кезіндегі ғылыми еңбектерінің көпшілігінің жарыққа шығуы марқұм Алламе Табатабаидің басқа да ғылыми қырларының бірі болды. Шәһид Мұтахари мен шәһид Бехешти және марқұм Мисбах Язди сияқты ғалым, ойлы және ықпалды шәкірттерді тәрбиелеу ешбір әлемде мұндай дәрежеде байқалмаған және марқұм Алламе шәкірттерінің көпшілігі Ислам революциясының жетекшілерінің қатарында болды".

Аятолла Хаменеи Алламе Табатабаидің екі көрнекті ерекшелігіне тоқталып, былай деп қосты: "Бұл сипаттардың бірі бірегей ғылыми жиһад және сырттан әкелінген және жат идеялар мен күдіктердің басқыншылығының ортасында агрессивті көзқараспен күшті интеллектуалдық базаның қалыптасуы болды. «Философия негіздері және реализм әдісі» және «Тафсир әл-Мизан» атты екі еңбек осы ғылыми жиһадтың мысалдары болып табылады",- деп мәлімдеді. Ислам революциясының  жетекшісі "Тафсир әл-Мизанды" интеллектуалдық және даналық негіздерімен және   ерекше аспектілерімен бірге сол күннің әлеуметтік және саяси білімінің теңізі ретінде санап, былай деді: «Бүгінгі күні бізге күн талабы мен күдікке жауап беретін интеллектуалдық база қажет және мұны марқұм Алламе Табатабайдан үйренуіміз керек".

Ислам революциясының жетекшісі Алламе Табатабаидің екінші көрнекті сипатын тек ахлақтық мазмұнды ұсынумен қанағаттанбай, ахлақ және діни білім беру тәжірибесі деп атап: "Марқұм Алламе Табатабай осындай ғылыми қырларына ие болуымен қатар, достық және жұртшылық қарым-қатынастарында жұмсақ мінезді, кішіпейіл, жылы шырайлы, сүйкімді, шешен болған",- деді.