Қар 22, 2023 17:35 Asia/Almaty
  • Сионистік режим аймақтық және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп төндіреді

ИИР Президенті: «Химиялық бомбалардың барлық түрімен және жаппай өлтіретін атом бомбаларымен қаруланған сионистік режим сөзсіз аймақтық және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп төндіреді",- деді.

 

Ибрахим Раиси БРИКС мүшелерінің кезектен тыс жиналысында Газа халқына қолдау білдіріп: "Әртүрлі химиялық бомбалар мен атом бомбаларымен жабдықталған сионистік режим сөзсіз аймақтық және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп төндіреді. Бәрінен де жаманы АҚШ пен Батыстың палестиналықтарға қарсы геноцид пен сәбилерді өліміне жан-жақты қолдау көрсетуі. Осы уақытқа дейін Газаның 14000 астам тұрғыны олардың 5500 бала қаза тапты. Америка, Англия, Германия және Франция батыс державалары ретінде Израильге күн сайын қару-жарақ пен бомбаның барлық түрін жіберіп, сонымен бірге атысты тоқтатуға қарсылық білдіруде".

БРИКС мүшелерінің кезектен тыс отырысында Газа халқын қолдаған ИИР Президенті: "Америка Израильмен бірге Газа халқына көмек көрсететін барлық жолдарды жауып, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жұмысын тоқтатты. Газа Батыстың моральдық құлдырауының символы болса, сонымен бірге Газа тәуелсіз үкіметтердің адамгершілік пен әділеттілікке негізделген халықаралық жүйе құрудағы ерік-жігерінің үлкен сынағы. Бүгін әлемдік державалардың бізді біріктірген құндылықтардың мүддесіне көтерген күні. Бүгін БРИКС-тің рөлдік ойын күні. Сөзсіз, Америка соғыс машинасына жанармай береді және бұл тиранияға жан-жақты қолдау көрсетеді. Америка халықаралық ұйымдарды беделсіз етті",- деп айтты.

 

Тегтер