Генерал-майор Салами: АҚШ қоғамдық пікірде оқшау қалуда
(last modified Thu, 07 Dec 2023 11:56:29 GMT )
Жел 07, 2023 17:56 Asia/Almaty
  • Генерал-майор Салами: АҚШ қоғамдық пікірде оқшау қалуда

Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы АҚШ-тың қоғамдық пікірде оқшауланып жатқанын айтып: "Палестина дағдарысына байланысты халықтар мен үкіметтер арасында екі ірі полюс пайда болды",-деді.

Иранның Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахианның басқаруымен өткен "Исламның жаһандық майданы: қарсыласу – жеңістің құпиясы" атты отырысқа Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы генерал-майор Хұсейн Салами қатысып, сөз сөйледі.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, генерал-майор Салами осы отырыста: "Біз АҚШ-ты соғыс қылмыскері ретінде таныстырған кезімізде басқалар қабылдамаған еді. Бірақ қазір ешкім Иранның "АҚШ – үлкен сайтан" деген сөзін дұрыс емес деп айта алмайды. Бұл – бір шындық",-деді.

Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы сондай-ақ жаңа жағдайдағы Иранның сыртқы саясатына тоқталып: "Қалыптасқан жағдай дипломатиялық уәждердің тыңдалуына мүмкіндік береді",-деді.

 

Тегтер