Иран үкіметінің баспасөз өкілі: Иран мен көрші елдер арасындағы сауда көлемі 38 миллиард долларға жетті
(last modified Wed, 13 Dec 2023 12:45:18 GMT )
Жел 13, 2023 18:45 Asia/Almaty

Иран үкіметінің баспасөз өкілі: «Иранның көрші елдермен саудасы осы жылдың (шамси 1402 ж.) сегіз айында 38 миллиард долларға жетті, бұл көршілес елдермен қарым-қатынасының дамығанын көрсетеді.

 

Әли Бахадори Джахроми сейсенбі күні Iran Press ақпарат агенттігінің сұрағына жауап берді: "Экономикалық ынтымақтастықты дамытып, экономиканы, әсіресе дипломатия саласында, көршілес 15 мемлекетпен көршілік ынтымақтастығын нығайту түрлі елдермен қарым-қатынаста жасалған келісім-шарттар мен меморандумдардың негізгі бағыты болды".

Әли Бахадори Джахроми көрші елдермен ынтымақтастықтың кеңеюінің ел экономикасының 7 пайыздық өсуіне себеп болғанын атап: «Соңғы екі маусымда Иранның көрші елдерге экспортының өсу құны ұқсас жылмен салыстырғанда 12 пайыздық өсіммен 18 миллиард долларға жетті",- деді.

 

Тегтер