Қаң 12, 2024 18:30 Asia/Almaty
  •  Иран әскери-теңіз күштері америкалық мұнай танкерін басып алды

ИИР Әскери-теңіз күштерінің қоғаммен байланысы сот шешімімен Оман теңізінің суларында америкалық мұнай танкерінің ұсталғанын хабарлады.

 

Студенттік ақпарат агенттігінің (ISNA) хабарлауынша, өткен мамырда АҚШ-тың «Суэц Раджан» кемесін алып кетуі және Иран мұнайын ұрлауынан кейін, бейсенбі күні таңертең Оман теңізінің суларында жоғарыда аталған танкер Nicholas ST деген жаңа атауымен   ұсталды. Осы жылы құқық бұзушы танкер «Суэц Раджан» АҚШ-тың бұйрығымке Иранға тиесілі мұнайды ұрлап,   АҚШ-қа пайдалануға берген болатын.

Атауы Nicholas ST деп өзгертілген бұл танкер Оман теңізінде мұнай тасымалдаған, оны ИИР-ның стратегиялық әскери-теңіз күштері сот шешімімен және Порттар және кеме қатынасы ұйымының рұқсатымен басып алды. Оны американдық режим мұнай ұрлығы үшін кек ретінде тәркілеген. Танкер сот органдарына тапсырылу үшін Ислам Республикасының порттарына тасымалдануда.

Осы уақытта Иранда ұсталған мұнай танкерінің иесі «Empire Navigation» кеме компаниясы осы кемені қайтару үшін АҚШ-тан көмек сұрады.

 

   

 

Тегтер