Қаң 12, 2024 21:54 Asia/Almaty
  • Йеменді әлемнің барлық еркін халқы қолдайды

Теһран жұма намазының имамы: "Бүгінде қаһарман Йеменді тек ислам елдері ғана емес, әлемнің барша азат халқы да қолдап отыр",- деді.

 

ИРНА-ның хабарлауы бойынша, Теһран жұма намазының имамы Әбутарабифард бүгінгі  уағыздарында АҚШ пен Ұлыбританияның Йеменнің әртүрлі аймақтарына таңғы шабуылына тоқталып, бұл әрекетті айыптап, былай деді: "Ирак, Ауғанстан және Ливанда болған оқиға үстемшіл әлемге сабақ болуы керек еді, бірақ ең заманауи қару-жарақпен қаруланған қылмыскерлердің бүгін Йеменде істегені олардың Газадағы жеңілісінен сабақ алмағанын көрсетті. Он жылға созылған толық қоршаудан және жердегі және әуеден бомбалаудан кейін жаһандық үстемшілдікке қарсы қарсы тұруды мақтан тұтатын ерлер, әйелдер, балалар мен жастар Газаның мазлұм және қарсыласқан халқын  қолдауда. Хизболла айтқандай "Күдіксіз, басқыншылық ешқашан Йемен халқының Палестинаға  қолдау көрсетуінен бас тартқызбайды. Бүгін және ертең Газа мәселесі Ислам әлемінің ең маңызды мәселесі болып табылады. Жүз күнге жуық уақыт бойы Америка Құрама Штаттары мен сионистік армия Газа мен Иордан өзенінің батыс жағалауын ғана емес, осы заманауи деп аталатын әлемде қабылданған барлық адами және моральдық жүйелерді бомбалауда. Жүз күн болды ашкөз қасқырлар Газаның адал да төзімді балалары мен аналарын минут сайын өлтіріп жатыр. Палестина жерін басып алушы режим  қазіргі әлем мен үстем жүйе атынан лаңкестік жүйе халықты тізе бүктіру үшін барлық адами және моральдық құндылықтарды жоюда. Газа  мақтан тұтатын қарсылығы мен таңғаларлық шыдамдылығымен бүкіл үстемшіл әлем, әсіресе Американы, терең тығырыққа тіреп, айқын жеңіліске ұшыратты".  

 

Тегтер