Ақп 02, 2024 19:15 Asia/Almaty
  • Иранның Барлау министрлігі 28 елде Моссад тыңшыларының айтарлықтай санының анықталғанын хабарлады.

Иранның Барлау министрлігі мәлімдеме жасап: "Басқыншы Құдс режимінің тыңшылық және қауіпсіздік ұйымдарына қарсы ең ірі біріккен барлау және қарсы барлау операциясында әлемнің 28 елі мен Азия, Африка және Еуропаның үш құрлығында нәсілшіл сионистік режимге қатысы бар ондаған тыңшы мен лаңкестік элементтер анықталды.

 

Осы хабарландыру негізінде Теһранда және елдің бірнеше облысында бірқатар тыңшылар анықталып, қамауға алынды.

Иранның Барлау министрлігі Иран Ислам Республикасымен тиімді және практикалық ақпарат алмасу қарым-қатынастары бар елдерде белсенді шетелдік барлаушылардың профильдерінің осы елдерге ұсынылғанын хабарлады.

 

Тегтер