Ақп 03, 2024 17:59 Asia/Almaty
  •  Раиси Ұлттық ғарыштық технологиялар күні конференциясында: 11 жерсеріктің сәтті ұшырылуы - Иранның оқшаулану және санкциялық жоспарын жеңуі

ИИР Президенті: «11 жерсеріктің ұшырылуы санкцияларды да, Ислам Республикасын оқшаулау жоспарын да сәтсіздікке ұшыратты. Ғарыш саласына жақын адамдарының тұрақты қозғалысы - бұл шынымен де біздің қолымыздан келетін нәрсенің көрінісі",- деді.

 

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси Иранның ғарыштық технологиялар күнін ғарыш саласының жол картасы деп баяндап: "Біз бұл салада бұрын белсенді қатысуға және Гео деңгейі мен орбитасына орналаса алатын едік. Бірақ кейбір адамдар қаламады, бұл маңызды емес, маңыздысы Иран ұлтының ғарышта күшті болуын қалауы. 22 бахман күні тәуелсіздікке, еркіндікке, Ислам Республикасына және ел үшін ілгерілеуге қол жеткізуге шешім қабылдаған халық, енді өз еркімен басқа ерік-жігерді жеңуді қалайды",- деп мәлімдеді. Ол барлық қоқан-лоққылар мен санкцияларға қарамастан, қоқан-лоққылар мен санкцияларды мүмкіндіктерге айналдырудың бір көрінісі – жұмыс екеніне тоқталып: "Бұл құнды қадам жастар мен мамандардың, ғалымдардың және қарулы күштердің ынтымақтастығымен жүзеге асты. Иран 45-ші орында болды және бүгінде әуе және ғарыш саласында әлемде 10-шы орында тұр, бұл салаға назар аударып, қолдау көрсету керек",- деп баса айтты.  

 

Тегтер