Ирандық спринтер жабық алаңдағы Азия рекордын жаңартып, чемпион атанды
(last modified Sun, 18 Feb 2024 14:45:54 GMT )
Ақп 18, 2024 20:45 Asia/Almaty
  • Ирандық спринтер жабық алаңдағы Азия рекордын жаңартып, чемпион атанды

Теһранда өтіп жатқан жабық алаңдағы Азия чемпионатының екінші күнінде Фарзана Фасихи әйелдер арасында 60 метрге жүгірудің соңғы кезеңінде 7,20 секундты тіркеп, Азия рекордын жаңартып, алтын алды.

Бұл – жабық алаңдағы Азия чемпионатының он екінші кезеңіндегі Иранның алғашқы алтыны. Сондай-ақ Назанин Фатима Эйдиан 400 метрді 55,14 секундта жүгіріп өтіп, екінші орын алды. Кажан Рустами осы аралықты  55,33 секундта жүгіріп өтіп, қола жүлде алды.  

Жарыстың бірінші күнінде Мехди Сабери диск лақтырудан, Әли Амириан 1500 метрге жүгіруден, Илхам Хашеми диск лақтырудан қола алды.