Нау 05, 2024 18:49 Asia/Almaty

ИИР Президенті Сейед Ибрахим Раиси «Ағаш отырғызу» күнді көшет отырғызу, ағаштарды қорғау, жасыл аумақтарды құру және күтіп ұстау маңыздылығының символы деп атады.

 

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ИИР Президенті Сейед Ибрахим Раиси бүгін сейсенбі күні таңертең «Ағаш отырғызу» күнінің салтанатты рәсімінде президент кеңсесінің аумағында көшет отырғызу кезінде бұл күнді ағаш отырғызу, ағаштарды қорғау, жасыл аумақтарды құру және күтіп ұстау маңыздылығының символы деп атап: "Ағаш отырғызу күні – салауатты кеңістікті, ауаны және қоршаған ортаны, соның нәтижесінде адамдар үшін жанды және көңілді атмосфераны құру үшін cылтау. Ағаштар мен жасыл аумақтарды қорғауға назар аудару қажет",- деді.Иран Президенті Ислам революциясының жетекшісінің Ағаш отырғызу күнінде көшет отырғызудың игі дәстүрін және оның іс жүзінде маңыздылығы мен құндылығын жеке еске салғанына назар аударды. Раиси: "Ислам тағылымдарында қоршаған орта мен жасыл желекке мән берудің маңыздылығына да ерекше мән берілген",- деп айтты.

Тегтер